"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Еленовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

Коммунальное государственое учереждение "Общеобразовательная школа села Еленовка отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"


Әлеуметтік желі

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Педагогикалық кеңес туралы ереже

БЕКІТІЛГЕН                          КЕЛІСІЛГЕН         БЕКІТЕМІН                                 

Педагогикалық кеңес             кәсіподақ комитетінің мектеп директоры

№ ___   ___  ___ 2023 ж.       төрайымы  

         _________С.А.Аюпова.            __________Н.М.Жылқыбай

        

 

Педагогикалық кеңес туралы ЕРЕЖЕ

1. Осы Педагогикалық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгі ережесі (бұдан әрі - Ереже) 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына , мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгі ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 16 мамырдағы № 272 Бұйрығына сәйкес мектептің педагогикалық кеңес қызметінің тәртібін айқындайды.

2. Мектептің  педагогикалық кеңесі (бұдан әрі - Педагогикалық кеңес) білім беру ұйымдарын алқалы басқару нысандарының бірі болып табылады.

3. Педагогикалық кеңестің басты міндеттері: білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі педагогикалық ұжымның күшін біріктіру, білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымының қызметін педагогикалық жұмысты және оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдіруге бағыттау, педагогикалық ғылым мен озық тәжірибелер жетістіктерін практикаға енгізу, білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) ауысуына және бітіріп шығуына қатысты мәселелерді шешу болып табылады.

 

2. Педагогикалық кеңестің құрамы

 

4. Педагогикалық кеңестің құрамына: мектеп директоры, (төраға), оның орынбасарлары, педагогтар, тәрбиешілер, психолог, аға тәлімгер, әлеуметтік педагог кіреді.

5. Педагогикалық кеңестің отырысына қажет болған  жағдайларда ата-аналар комитеттерінің, Қамқоршылық кеңестің, оқушылар активінің мүшелері шақырылады.

6. Педагогикалық кеңестің құрамы оқу жылына білім беру ұйымының басшысының бұйрығымен бекітіледі.

7. Педагогикалық кеңестің өз құрамынан 1 жылдық мерзімге хатшы сайлайды.

  

3. Педагогикалық кеңестің қызмет тәртібі

8. Педагогикалық кеңес:

1) мектепте  нормативтік құқықтық актілерді орындау жөніндегі іс-шараларды;

2) оқу-тәрбие және әдістемелік жұмыстар жағдайын, оқытудың барлық нысандары бойынша оқыту әдістерін жетілдіру мәселелерін, оқытудың жаңа технологияларын ендіруді;

3) оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлау мәселелерін;

4) қорытынды аттестаттауды өткізу, білім алушыларды  емтиханға жіберу, ұсынылған құжаттар негізінде ,білім алушыларды емтиханнан босату, білім алушыларды келесі сыныпқа ауыстыру немесе оларды қайталау курсына қалдыру,  білім алушыларды  грамоталармен, мақтау қағазымен марапаттау, негізгі орта білімді үздік бітіру туралы куәліктер, негізгі орта білімді бітіргендігі туралы, үздік аттестат, жалпы орта білімі туралы аттестат, белгіленген үлгідегі анықтама беру туралы мәселелерін;

5) педагогтардың оқу жүктемесін бөлу, тарификацияны бекіту, аттестаттауға дайындау, марапаттау және мадақтау мәселелерін қарайды, локалдық актілерді бекітеді.

9. Педагогикалық кеңестің жұмысы оқу жылына әзірленетін педагогикалық кеңес отырысында қаралатын және мектеп директоры бекітетін жұмыс жоспары бойынша жүргізіледі.

10. Педагогикалық кеңес жылына 5 реттен кем емес жиналады, ұзақтығы 2,5 сағаттан аспайды.

11. Педагогикалық кеңес отырысында талқыланатын мәселелер бойынша орындау мерзімі және орындауға жауапты тұлға көрсетілген қаулы шығарады.

12. Педагогикалық кеңестің қаулысы қарапайым жай дауыс берумен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі. Қаулы  мен ұсыныстардың  орындауды ұйымдастыруды мектеп директоры жүзеге асырады. Келесі кеңесте осы жұмыстардың орындалуы хабарланады. Педкеңес мүшелері мектеп жұмысын жақсарту жөнінде ұсыныстар жасай алады

9.   Педогогикалық кеңестің қаулысымен  келіспеген жағдайда мектеп директоры шешімді тоқтата тұрып, ол жөнінде қалалық  білім, дене шынықтыру және спорт  бөлімін хабардар етеді. Бөлім басшысы кәсіподақтың қатысуымен ондай арызды қарап , педагогтарды осы шешімге қандай жағдайдың әкелгендігін анықтап, соңғы шешімді қабылдайды.

13. Педагогикалық кеңестің отырысы хаттамамен ресімделіп, оған педагогикалық кеңеске шығарылатын мәселелердің талқылану барысы, педагогикалық кеңес мүшелерінің ұсыныстары және ескертулері жазылады. Хаттамаға кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қояды.

14. Педагогикалық кеңестің хаттама кітапшасының әрбір беті нөмірленген, жіппен тігілген, білім беру ұйымының мөрімен және директордың қолымен бекітілген болады.

15. Мектептің  педагогикалық кеңесінің хаттама кітапшасы білім беру ұйымның істерінде 10 жыл сақталады және акті бойынша архивке беріледі.

Жаңартылған күні: 16.11.2023 13:09
Құрылған күні: 16.11.2023 13:09

Текст