"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Еленовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственое учереждение "Общеобразовательная школа села Еленовка отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"
Көпті көрген оқушылардың кеңесі:
ҰБТ-ді қалай сәтті тапсыруға және қалай жауаптарды тез есте сақтау керек.
Бәрін бірдей оқып, жаттамас бұрын, нақтылы нені білмейтініңді анықтап ал. Және осындай сұрақтарды бірінші оқы. Есте сақтау керек нәрсені қарындашпен белгілеп қой.
Назарыңды басқа жаққа бұрма.
Сұрақтарды қиындықтарына қарай бөліп ал. Бір объектінің басқа бір объектімен байланысын тап. Мнемотехниканы пайдалан.
Күрдел і материалдарда міндетті түрде мағыналық байланыстарын белгілеп ал.
Есте сақтаған материалдарыңды жиі-жиі қайталап отыр.
ҰБТ кезінде мұғалімнің алдында отырған кезіңді елестетіп, сұрақтарға дайындал.
Есте сақтау техникасы (мнемотехники)
Криптография: күрделі терминдерді басқа бір белгілермен белгілеп ал.
Күрделі сөздерің кездесетін тақпақ шығарып ал.
Әдемі нәрсе есте тез сақталады.
Егер формула немесе күндерді есте сақтау қиын болса, көзіңізді жауып, оларды тайпа немесе бір жолақтар сияқты, басқа бір елестетулермен есте сақтауға тырыс.
Есте сақтауға қиын нәрсені табиғи емес дауыспен әндете айтатын болсаң, жақсы есіңде қалады.
Жаттау кезінде қолыңды сермеп немесе секіретін болсаң, кинестетикалық жады қосылады.
Жаттау кезінде алдыға тіке қарамай, оң жақтағы жоғарғы бұрышқа қара.
Жаттағандарыңды ұйықтар алдында қайтала.
Жаттаған нәрсеңді айта алмасаң, жаттаған кездегі сәттерді есіңе түсір.
Негативизмге жол жоқ!
ҰБТ -ден бұрын мына сөздерді жаттап ал. ҰБТ алдында іштей осы сөздерді қайтала.
1.Мен өз-өзімді басқара аламын, үрейге жол бермеймін.
2.Мен тек позитивті ойлармен ғана қаруланамын. Негативке жол жоқ.
3.Жағдайым нашар болса да, ұнжырғам түспейді.
4.Бүгін қолымнан бәрі келеді. Мен қалай әрекет етуім керек екенін білемін.
ҰБТ алдындағы баладағы қорқыныш
ҰБТ алдында балалардан бұрын олардың әке-шешелері қатты абыржиды.
Себебі әрбір ата-ана өз баласына қорқынышты қалай жеңіп шығудың жолдарын іздестірумен мазасызданады. Оқушылардың ҰБТ алдындағы үрейі неден байқалады?
Кез келген емтихан алдында болатын көпке танымал қорқыныш көрсеткіштері - оқушылар ұйықтамайды, уайымдайды, олардың тәбеті болмайды, тізелері қалтырайды, бастары ауырады, тамыр соғуы жиілейді, жүйке жүйесі бұзылады, артерия қысымы көтеріледі.
Мұндай қорқыныштың себебі не?.
1. Шамадан тыс жүктеменің болуы.
2. Бала үлкен жауапкершіліктің бар екенін сезеді.
3. Жүйке жүйесінің әлсіз болуы.
4. Ауру салдарынан болған әлсіздік.
5. Дәрменсіздік сезімі.
6. Өз біліміне күмәндану.
7. Тестілеудің маңыздылығын өте қатты қабылдау (көбінесе бұл өз балаларынан аса көп нәрсені күтетін әке-шешенің кінәсі)
8. ҰБТ-дан төмен балл алса, ЖОО-ға түсе алмау, жақсы мамандық ала алмау деген сияқты уайымның болуы.
Оқушыларда ҰБТ-де кездесетін қиындықтар
1. Психологиялық қобалжудың жоғарылауы
2. Есте сақтаудың төмендеуі
3. Сұрақты соңына дейін оқымауы
4. Нұсқаларды толтыруда шатастыруы
5. Уақытты дұрыс пайдалана алмау
6. Ойын жинақтай алмау, шашыраңқылық
7. Ұялы телефон, шпоргалка қолдануда комисия мүшелеріне ұсталу
8. Қосымша құралдармен жұмыс істеп, білетін сұрақтардың өзін белгілемейді.
9. Жүрек айну, іш ауру
Педагог - психолог Утеганова Г.А.