"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Еленовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственое учереждение "Общеобразовательная школа села Еленовка отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

Әлеуметтік желі

 

Ақмола ақиқаты қоғамдық-саяси газетінің сайты

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бос жұмыс орны

04.09.2025

«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөліміне қарасты Еленовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
бос лауазымға ашық конкурс жариялайды:
«Кәсіби бағдар беруші педагог – 1 ставка»

Мекеменің мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Еленовка ауылы, Школьная көшесі, 17-үй, тел: 8 (716-32) 38-6-31.

Мекеменің негізгі қызметі:
Мектеп жалпы орта білім беру саласында қызмет көрсетеді.


Лауазымдық міндеттері:

  • мектепте кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастырады, кәсіби бағдарлау жұмысына ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді;

  • оқушылардың саналы түрде мамандық таңдауына бағытталған қызметті жүзеге асырады;

  • оқушыларға, тәрбиеленушілерге, ата-аналарға немесе оларды алмастыратын тұлғаларға, педагогикалық ұжымға мамандық таңдауда көмек көрсетеді;

  • оқушылардың қызығушылықтарын анықтау үшін диагностика жүргізеді, кәсіби бағдарлау диагностикасын талдайды;

  • дарынды оқушыларға, ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға психологиялық қолдау көрсетеді, олардың дамуына ықпал етеді;

  • кәсіпорындарға экскурсиялар ұйымдастырады, әртүрлі мамандық иелерімен кездесулер өткізеді;

  • кәсіби құзыреттілігін арттырады, заманауи әдіс-тәсілдерді қолданады;

  • белгіленген нысанда құжаттаманы жүргізеді;

  • балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

  • еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтайды.


Білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар:

  • жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім, не педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат (еңбек өтілі талап етілмейді);

  • және (немесе) егер жоғары немесе орта деңгейдегі біліктілік санаты болса, педагогикалық жұмыс өтілі:

    • педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл;

    • педагог-эксперт үшін – кемінде 3 жыл;

    • педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл;

  • және (немесе) жоғары біліктілік санаты болған жағдайда педагог-шебер үшін – кемінде 5 жыл.


Қажетті білуі тиіс:

  • ҚР Конституциясын, ҚР Еңбек кодексін, ҚР «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңдарын және білім беруді дамыту бағыттарын айқындайтын басқа да нормативтік-құқықтық актілерді;

  • мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология негіздерін;

  • психодиагностика, психологиялық кеңес беру және психопрофилактика негіздерін;

  • компьютерлік сауаттылықты, оқу үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануды;

  • педагогикалық әдеп нормаларын;

  • еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, санитарлық ережелер мен нормаларды.


Құжаттар тізімі:

Конкурсқа қатысу үшін кандидат 7 жұмыс күні ішінде мына құжаттарды тапсырады:

  1. конкурсқа қатысу туралы өтініш;

  2. жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (жеке басын куәландыру үшін);

  3. кадр есебі бойынша жеке парақ (тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

  4. білімі туралы құжаттардың көшірмесі;

  5. еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі (бар болса);

  6. денсаулығы туралы анықтама (2020 жылғы 30 қазандағы ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына сәйкес);

  7. психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

  8. наркологиялық ұйымнан анықтама;

  9. Ұлттық біліктілік тесті сертификаты немесе біліктілік санаты туралы куәлік (педагог-модератор, педагог-эксперт, педагог-зерттеуші, педагог-шебер – бар болса);

  10. педагогтың бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың бағалау парағы.

Толық емес құжаттар топтамасы ұсынылған жағдайда құжаттар қабылданбайды.

Кандидат өз кәсіби жетістіктерін, біліктілікті арттыру туралы құжаттарын, ғылыми зерттеулерін, педагогикалық тәжірибесін, марапаттарын қоса ұсына алады.


Қажетті ақпарат:
Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Еленовка ауылы, Школьная көшесі, 17-үй.
Тел.: 8 (716-32) 38-6-31, ұялы: 8-707-447-83-17, эл. пошта: elenovka_2024@mail.kz
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 04.09.2025 ж. – 12.09.2025 ж.

Просмотров: 224


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст