"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Еленовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственое учереждение "Общеобразовательная школа села Еленовка отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

Әлеуметтік желі

 

Ақмола ақиқаты қоғамдық-саяси газетінің сайты

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бос жұмыс орны

04.09.2025
«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөліміне қарасты Еленовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
бос лауазымға ашық конкурс жариялайды:
«Тәлімгер(0,5 ставка)»

Мекеменің мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Еленовка ауылы, Школьная көшесі, 17-үй, тел: 8 (716-32) 38-6-31.

Мекеменің негізгі қызметі:
Мектеп жалпы орта білім беру саласында қызмет көрсетеді.


Лауазымдық міндеттері:

  • «Жас қыран», «Жас ұлан» балалар ұйымдарының, дебат клубының, мектеп парламентінің және басқа да оқушылар бірлестіктерінің дамуына ықпал етеді;

  • оқушыларға олардың ұйымдарының, бірлестіктерінің қызметін жоспарлауға көмектеседі, олардың мазмұны мен жұмыс формаларын жаңартуға ықпал етеді;

  • балалар мен жасөспірімдердің жас ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып жұмыс жүргізеді;

  • ұжымдық-шығармашылық іс-әрекетті ұйымдастырады;

  • балалар мен жасөспірімдерді жұмыс істеп тұрған ұйымдар мен бірлестіктер туралы кеңінен хабардар ету үшін жағдай жасайды;

  • оқушылардың азаматтық және адамгершілік ұстанымдарын білдіруіне, өз қызығушылығы мен қажеттіліктерін жүзеге асыруына қолайлы орта қалыптастырады;

  • мәдени-көпшілік, патриоттық іс-шаралар ұйымдастырады, сынып жетекшілеріне тәрбие жұмысы мен балалардың танымдық демалысын ұйымдастыруда көмек көрсетеді;

  • балалар және жастар ұйымдарын, дебат клубтарын, оқушылардың өзін-өзі басқаруын, мектептік және студенттік парламенттерді, еріктілер қозғалысын ұйымдастырады;

  • оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;

  • каникул кезінде оқушылардың демалысын ұйымдастырады;

  • оқушылармен жұмыстың инновациялық тәжірибесін зерттеп, қолданады;

  • «Қоғамға қызмет», «Отанға тағзым», «Құрмет үлкенге», «Анаға құрмет» бағытындағы қоғамдық пайдалы жұмыстарды ұйымдастырады;

  • балалар ұйымдары жетекшілерін даярлау және іріктеу жұмыстарын жүргізеді;

  • өзін-өзі басқару органдарымен, педагогикалық ұжыммен, қоғамдық ұйымдармен, оқушылардың ата-аналарымен немесе оларды алмастыратын тұлғалармен тығыз байланыста жұмыс істейді;

  • оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын қалыптастырады.


Білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар:

  • жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе «Педагогика» бағыты бойынша техникалық және кәсіптік білім, не педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат (еңбек өтілі талап етілмейді);

  • және (немесе) егер жоғары немесе орта деңгейдегі біліктілік санаты болса, еңбек өтілі:

    • педагог-модератор үшін – кемінде 3 жыл;

    • педагог-эксперт, педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл;

  • және (немесе) жоғары біліктілік санаты болған жағдайда тәрбиеші-вожатый лауазымындағы еңбек өтілі: педагог-шебер үшін – кемінде 5 жыл.


Білуі тиіс:

  • ҚР Конституциясын, ҚР «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарын және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді;

  • педагогика және психологияны, физиологияны, гигиенаны, балалар қозғалысының даму заңдылықтары мен үрдістерін;

  • педагогикалық әдеп нормаларын;

  • бос уақытты, демалысты, ойын-сауықты ұйымдастыру әдістемесін;

  • еңбек заңнамасының негіздерін, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі, санитарлық ережелер мен нормаларды.


Құжаттар тізімі:

Конкурсқа қатысу үшін кандидат 7 жұмыс күні ішінде мына құжаттарды тапсырады:

  1. конкурсқа қатысу туралы өтініш;

  2. жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (жеке басын куәландыру үшін);

  3. кадр есебі бойынша жеке парақ (тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

  4. білімі туралы құжаттардың көшірмесі;

  5. еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі (бар болса);

  6. денсаулығы туралы анықтама (2020 жылғы 30 қазандағы ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына сәйкес);

  7. психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

  8. наркологиялық ұйымнан анықтама;

  9. Ұлттық біліктілік тесті сертификаты немесе біліктілік санаты туралы куәлік (педагог-модератор, педагог-эксперт, педагог-зерттеуші, педагог-шебер – бар болса);

  10. педагогтың бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың бағалау парағы.

Толық емес құжаттар топтамасы ұсынылған жағдайда құжаттар қабылданбайды.

Кандидат өз кәсіби жетістіктерін, біліктілікті арттыру туралы құжаттарын, ғылыми зерттеулерін, педагогикалық тәжірибесін, марапаттарын қоса ұсына алады.


Қажетті ақпарат:
Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Еленовка ауылы, Школьная көшесі, 17-үй.
Тел.: 8 (716-32) 38-6-31, ұялы: 8-707-447-83-17, эл. пошта: elenovka_2024@mail.kz
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 04.09.2025 ж. – 12.09.2025 ж.

Просмотров: 221


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст