Текст
Еленовка орта мектебінің жанындағы "Балбөбек" шағын орталығында "Қош келдің Әз Наурыз!" атты ертеңгілігі өтті. Шағын орталықтың бүлдіршіндері өздерінің өнерлерін ортаға салды. Ата-аналар арасынан Түрманова Жумагуль өзінің әнін шырқады. Ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрді Сайдалина Ботагөз Алибековна таныстырды. Ұлттық нақышта киінген ата-аналар өзара сайысқа түсті. Ата-аналар мен тәрбиешілер арасындағы ауызбіршілікті арттыру мақсатында осындай іс шара өткізіп жатырмыз. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын Ағайын!