"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Еленовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

Коммунальное государственое учереждение "Общеобразовательная школа села Еленовка отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"


Әлеуметтік желі

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Олимпиада жеңімпаздары.

11.12.2017

Олимпиада жеңімпаздары.

 

             Зеренді ауданы «Білім беру бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің  2017 жылғы  қараша айының 24 жұлдызындағы №411 бұйрығының негізінде  7-8 желтоқсан   күндері Шағалалы ауылындағы «Агро-бизнес» колледжінде  жалпы білім беретін мектептерде  аудандық пәнаралық олимпиада болып өтті. Олимпиадаға  Еленовка орта мектебінен барлығы 6 оқушы қатысып,  олардың үшеуі жүлделі орындарға ие болды.

 

  

 

Олар: 1. 11 «А» сынып оқушысы Далел Мейірбек қазақ тілі мен әдебиеті 3 –ші жүлделі орын. Пән мұғалімі жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі-Шаймерденова Мәншүк Сартайқызы.

2. 11 «А» сынып оқушысы Еслямбекова Арайлым-математика пәнінен 3 ші жүлделі орын. Пән мұғалімі жоғары санатты математика пәнінің мұғалімі Болатова Ырысты Балтабайқызы.

3. 11 «А» сынып оқушысы Боранбаева Риза-биология пәні бойынша 3 ші жүлделі орын. Пән мұғалімі «жас маман» Болатова Гүлім Бақытқызы.

 Шәкірттеріміздің  осындай білім сайыстарында өз біліктіліктерімен көзге түсіп, жүлделі орындарға ие болғаны мектебіміз және ұстаздар үшін үлкен жетістік деп білемін. Жоғарыда  есімдері аталған оқушыларымыз әрі  мектеп қабырғасынан ұшқалы тұрған түлектеріміздің  алдарында тұрған үлкен сынақтар: қорытынды аттестация, ҰБТ-ден жоғары нәтиже көрсетіп, қалаған мамандық иелері атанып, өмірдің сынақтарынан сүрінбей өтіп, биік шыңдарды бағындыруларына шын жүректен тілектеспін!

 

 

                                                                                               

Икакова Бақыт Өсербайқызы.

     Оқу ісінің меңгерушісі.

                                                                                      

          КММ   «Еленовка орта мектебі»             

                                                                                                                                                                      

 

Просмотров: 241


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст