"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Еленовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственое учереждение "Общеобразовательная школа села Еленовка отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

Әлеуметтік желі

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті

08.11.2017


Сыбайлас жемқорлыққ ақарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті.

Қазіргі кезде сыбайлас  жемқорлық  әлемнің кезкелген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.

Оқушылардың  сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру мақсатында мектебімізде сынып сағаттары  өткізіліп, стендтар безендірілуде. «Адал ұрпақ» клубы жұмыс істейді. Сынып сағаттарының  негізгі  мақсаты   жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды жетілдіру,  оқушылар  арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу.

Бастауыш сыныптар  арасында ,яғни 4 «Б» сыныбының жетекшісі Горохова И.Б. ұйымдастыруымен  «Коррупция в мире сказок» атты сынып сағаты өтті. Сондай бір сынып сағаты тарих пәнінің мұғалімі Утеулиева Г.Т. 11 «А» сынып оқушыларымен  өткізілді.

Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы!

Елдің болашағы – жас ұрпақтың қолында!

Просмотров: 516


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст