Түнгі "ауыл балалары" атты рейд туралы ақпарат
2017 жылдың қараша айының 3-і мен 5-і аралығында ауыл көлемінде өткізілген «Түнгі ауыл балалары» атты рейд жұмысы ұйымдастырылып, рейд барысында мектеп оқушылары тарапынан құқық бұзушылықтар анықталған жоқ. Сауда орындарында жасы кәмелетке толмағандарға спирттік ішімдіктер мен темекі бұйымдарын сату деректерін анықтау мақсатында кең көлемде акция өткізілді. Ол арнайы жоспар бойынша жүзеге асты. Атқарылған шара кезінде учаскелік полиция уәкілімен Сабитов С.К., тәрбие ісінің меңгерушісі Абылгазина Р.Ш., мектеп психологі Утеганова Г.А. бірлескен түрде ауыл көлеміндегі мектеп жасындағы оқушылар мен жасөспірімдердің түнгі уақытта сағат 22:00-ден 06:00-ге дейінгі мезгілде көшеде ата-анасыз жүрмеуін қадағалау жұмыстары жүргізілді.