"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Еленовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

Коммунальное государственое учереждение "Общеобразовательная школа села Еленовка отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"


Әлеуметтік желі

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Вакансиялар

30.06.2023

"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Еленовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ төмендегі пән мұғалімдері лауазымдарына ашық конкурс жариялайды.

Лауазымдық жалақы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 135028 теңгеден 167546 теңгеге дейін.

Бос лауазымның атауы:

Математика пәні мұғалімі (қазақ тілінде оқытылатын сыныптар) 16 сағат жүктеме;

Математика пәні мұғалімі ( орыс тілінде оқытылатын сыныптар) 16 сағат жүктеме;

Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі (қазақ, орыс тілінде оқытылатын сыныптар) 16 сағат жүктеме;

Тарих пәні мұғалімі (қазақ тілінде оқытылатын сыныптар) 16 сағат

Тарих пәні мұғалімі (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болу уақытына, орыс тілінде оқытылатын сыныптар) 16 сағат жүктеме;

  Физика пәні (қазақ тілінде оқытылатын сыныптар) 10 сағат жүктеме.

66. Біліктілікке қойылатын талаптар:

тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс өтіліне талап қоймастан, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат немесе біліктіліктің орташа деңгейіне жататын XI педагогикалық сыныбы бар 1995 жылға дейін орта мектепті бітіргені туралы құжат;

және (немесе) біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін-кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл;

және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі – 5 жыл.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

"Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

11) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында педагогикалық қызметті арнайы пәндер бойынша оқытушы және өндірістік оқыту шебері ретінде бастаған, өндірісте тиісті мамандық немесе бейіні бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар оқытушылар сертификаттаудан босатылады.

12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бос немесе уақытша бос педагог лауазымына орналасуға үміткердің толтырылған бағалау парағы.

13) тәжірибесіз кандидат үшін кемінде 720 x 480 рұқсаты бар, кемінде 15 минутқа созылатын бейнекөрсетілім.

Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде жүргізіледі 

Құжаттардың біреуінің болмауы кандидатқа құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады.

Кандидат болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды кандидат білім беру ұйымының ресми сайтында хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келесі мекенжай бойынша ұсынуы тиіс:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Еленовка селосы, Школьная 17

Тел:871632-38-6-31, сот: 87478723692

Электрондық пошта: elenovka_school@bk.ru

 

Просмотров: 72


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст