"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Еленовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ төмендегі лауазымға ашық конкурс жариялайды.
Лауазымдық жалақы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 135000 теңгеден 180000 теңгеге дейін.
Бос лауазымның атауы:
Аға-тәлімгер - 1 ставка
Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе "Педагогика" бағыты бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе жұмыс өтіліне талап қойылмай, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат;
және (немесе) біліктілігінің жоғары немесе орта деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы және педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін тәлімгер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
"Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
11) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында педагогикалық қызметті арнайы пәндер бойынша оқытушы және өндірістік оқыту шебері ретінде бастаған, өндірісте тиісті мамандық немесе бейіні бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар оқытушылар сертификаттаудан босатылады.
12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бос немесе уақытша бос педагог лауазымына орналасуға үміткердің толтырылған бағалау парағы.
13) тәжірибесіз кандидат үшін кемінде 720 x 480 рұқсаты бар, кемінде 15 минутқа созылатын бейнекөрсетілім.
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Құжаттардың біреуінің болмауы кандидатқа құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады.
Кандидат болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды кандидат білім беру ұйымының ресми сайтында хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келесі мекенжай бойынша ұсынуы тиіс:
Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Еленовка ауылы, Мектеп көшесі 17 үй
871632-38-6-31, 87478723692
Электрондық пошта: elenovka_school@bk.ru