"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Еленовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

Коммунальное государственое учереждение "Общеобразовательная школа села Еленовка отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"


Әлеуметтік желі

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қашықтықта жазғы сауықтыру лагерінің жұмыс есебі

30.06.2020

Қашықтықта жазғы сауықтыру лагерінің жұмыс есебі

 

Маусымның 22-нен 26- на дейінгі
«Балдырған»жазғы сауықтыру алаңының жұмыс есебі.

Өткізген бастауыш сынып мұғалімі: Файзулина Гульжан Турсуновна

Жаздың шуақты күндерімен бірге балалар лагерьлері де өз жұмыстарын бастады. Жазғы демалыс маусымы — балалар үшін ерекше қуанышты сәт. Балалардың демалысын тиімді өткізу және оларды лагерьмен қамту жыл сайын дәстүрге айналған шара. Іс - шараларды ұйымдастыруына сәйкес «Балдырған» лагері өз қызметіне мына бағыттағы іс - шараларды атқарды:

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

22 маусым

23 маусым

24 маусым

25 маусым

26 маусым

«Табиғатты аялай білейік»

«Үйдегі, аулада атқаратын   еңбек міндеттері»

Әр түрлі материалдардан жасалған бұйымдар«Шебер қолдар» онлайн шығармашылық байқау

«Табиғат –біздің досымыз» атты онлайн -жоба

«Біздің көше,

аудан, қала»

ұжымдық онлайн-презентация 

 

 «Балдырған » лагері өзінің алдына міндеттер мен мақсаттарын белгілеп, бағдарлама негізінде жұмыс жоспарлары жасалынды. Оқушылардың демалысын қызықты өткізу мақсатында әр күн ерекше, қызықты тақырыптарға байланысты  қашықтықтан іс - шаралар жан-жақты ұйымдастырылды.  Әр күн сайын міндетті түрде  таңғы жаттығуларды орындады.
  Бірінші күн:«Табиғатты аялай білейік»
 «Сиқырлы бояу» суреттер сайысы өткізілді.
Жазда балалар таза ауада көп серуендейді. Осыған орай «Көше ережесін білесің бе?» атты тәрбие сағаты ойын-сайыс түрінде өткізілді. Онда балалар жолда жүру ережесін қайталады. Тақырыпқа байланысты жұмбақтар, мақал-мәтелдер сайыстары өткізілді.
23 маусым күні: «Үйдегі, аулада атқаратын   еңбек міндеттері» яғни бұл жерде өздеріннің қаншалықты ата-аналарына қол ұшын беруге дайын екендігін көрсете білді.
24 маусым күні: Әр түрлі материалдардан жасалған бұйымдар«Шебер қолдар» онлайн шығармашылық байқау өткізілді.
25 маусым күні :«Табиғат –біздің досымыз» атты  онлайн  тәрбие сағаты  ватсап  байланыс желісінде көрсетілді.
Оқушылардың  жазғы мезгілінде уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында өздеріннің табиғат аясында және көл жағасында  керемет түскен фоталармен бөлісті.
Бұл жерде Жұмабек Тарлан Бурабайда  өткізген керемет сәттерін осы фоталар арқылы көруге болады. Шынымен біздің табиғатымызға тең жоқ дегім келеді, ауасына, жеріне адамзаттың   көз тоймайды. Өте әдемі, көрікті жерлермен мақтана аламыз.
Барлық іс-шараларда ,оқушылар осы ауысымнан алған әсерлерін өз өнерлері арқылы бейнелеп,ризашылықтарын білдірді.
 Болашақта осы оқушыларымда үлкен үміт артып отырмын. Жазғы демалыстарын тек осындай пайдалы, қызыққа  толы сәттері көп болсын-деймін.

 

 

Просмотров: 338


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст