"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Еленовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ жанындағы «Балбөбек» шағын орталығы төмендегі лауазымға ашық конкурс жариялайды.
Лауазымдық жалақы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 164 264 теңге,
0,5 ставка-82 132 тенгені құрайды.
Бос лауазымның атауы:
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының музыкалық жетекшісі-0,5 ставка
Біліктілікке қойылатын талаптар:
14. Лауазымдық міндеттері:
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес балалардың музыкалық тәрбиесі мен эстетикалық дамуын жүзеге асырады;
музыкалық сабақтарды, балалар мерекелерін және өзге де мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді, музыкалық дарынды балаларды анықтайды, балалармен жеке жұмыс жүргізеді;
балалардың ойын әрекетін ұйымдастыруға қатысады, түрлі музыкалық-дидактикалық ойындар өткізеді;
педагогикалық кеңестерді дайындауға, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысады;
балалармен жұмыс тәжірибесіне инновациялық педагогикалық тәжірибені енгізеді;
ата-аналар мен тәрбиешілерге балалардың музыкалық тәрбиесі мәселелері бойынша кеңес береді.
15. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты; педагогикалық этиканың нормалары;
балалар репертуарындағы музыкалық шығармалар, музыкалық тәрбие әдістемесі;
еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
16. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық немесе музыкалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс стажына талап қойылмайды;
және (немесе) біліктілігі жоғары немесе орта деңгейдегі жұмыс өтілі педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін - 4 жыл, педагог-зерттеуші үшін – 5 жыл және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейдегі жұмыс өтілі педагог-шебер үшін – 5 жыл.
17. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог":
біліктілігі жоғары деңгейдегі педагогке қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі тиіс: оқу бағдарламасының мазмұны мен оқыту әдістемесін білуі, жұмыс жоспарын құруы, білім беру ұйымы деңгейінде іс-шараларды жоспарлауы және ұйымдастыруы тиіс;
2) "педагог-модератор": "педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз ету; музыкалық сабақтардың әртүрлі түрлерін кеңінен қолдану;МДҰ-ның әдістемелік жұмысына қатысу;
педагогикалық кеңестерде сөз сөйлеу; ашық сабақтар өткізу, білім беру ұйымдарының ішіндегі іс-шараларға қатысу;
3) "педагог-сарапшы":
"педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ: мектеп жасына дейінгі балаларды музыкалық тәрбиелеу мен оқытудың әртүрлі заманауи әдістерін, мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту диагностикасының элементтерін білу; баланың даму ортасын өзгертуге белсенді қатысу;
4) "педагог-зерттеуші":
"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
мектеп жасына дейінгі балаларды музыкалық тәрбиелеу мен оқытудың заманауи әдістерін қолданудың өзіндік шығармашылық ізденісін жүзеге асыру, оларға балаларды музыкалық дамытудың өзіндік әдістерін үйрету; кәсіби конкурстардың қатысушысы болу;
5) "педагог-шебер":
"педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ: балалардың музыкалық дамуының өзіндік әдістері бар; республикалық және халықаралық кәсіби конкурстардың қатысушысы болу;
облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-те мақұлданған әдістемелік материалдардың болуы.
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Құжаттардың біреуінің болмауы кандидатқа құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады.
Кандидат болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды кандидат білім беру ұйымының ресми сайтында хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні (05.08.2024-13.08.2024) ішінде келесі мекенжай бойынша ұсынуы тиіс:
Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Еленовка ауылы, Мектеп көшесі 17 үй
871632-38-6-31, 87074478317
Электрондық пошта elenovka_2024@mail.kz